Экспозициялық залдар
«Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені құрамындағы орталық нысандар Адай ата кесенесі, «Ақсарай» экспозициялық павильоны болып табылады.
«Ақсарай» экспозициялық павильонының ауданы 1 020 шаршы метр. Павильон кіре беріс кіріспе залдан, орталық дөңгелек залдан және айнала орналасқан 7 бөлмеден тұрады.
Сонымен қатар, кешеннің аумағында «Ана келбеті» стелласы, Көкбөрі ескерткіші, «Ұран оты» алаңы, Тутөбе, Қарашаңырақ және Бас қақпа орналасқан.
«Ақсарай» мен Адай ата кесенесі арасын Маңғыстаудағы 362 әулиенің құрметіне салынған 362 баспалдақ жалғастырады.
Тарихи-мәдени кешен алты экспозициялық залдардан тұрады: Кіріспе залы, «Ұлы дала данышпандары», «Маңғыстаудағы ислам діні», Этнография залы, «Нұрлы жол көшіндегі Маңғыстау» залы және Археология залы.
Соңғы хабарлар
20 қыркүйек 2025
Отпан тауға Адайдың жеті қайқысы ұрпақтары мен туыстары келді.
11 қыркүйек 2025
Табылдының рухты жырлары Отпан тауда қалықтады
17 тамыз 2025
Теңге ауылы өнерпаздарының қатысуымен «Ай астында – алтыбақан» шарасы өтті.





















