Табылдының рухты жырлары Отпан тауда қалықтады

10 қыркүйек күні "Адай ата - Отпан тау" кешенінде қазақтың бард-ақыны Табылды Досымовтың 60 жылдығына арналған дәстүрлі "Биіктік" шарасы дүрілдеп өтті. Шараға өлкеміздің түкпір-түкпірінен гитарамен ән салатын атышулы өнерпаздар қатысты. Атап айтар болсақ: Айгүл Құбаш, Асанәлі Көшеров, Рафхат Ізден, Асылбек Құрманов сынды өнер жұлдыздарымен қатар Бақдаулет Толыбекұлы, Жомарт Маратов, Құрман Кенжеғали, Елубай Мұратов, Дәурен Тәжімұханов сынды болашағынан үлкен үміт күттірер өнерпаздар да Табылдыға арналған кештің сәнін келтірді. Бұл ән кешінде жастармен қатар 67 жастағы Басбаев Сәли ағамыз да Табылдының рухы үшін бар өнерін аямады. Әнші Айгүл Құбаш Табылды Досымов атындағы алғашқы "Сәйгүлік" конкурсының жеңімпазы болса, Боранқұл ауылының өнерпазы Дәурен Тәжімұханов Индерде өткен соңғы аймақтық конкурстың лауреаты болды. Ән кешіне арнайы келген Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі, ақын-сазгер Ерекен Қорабаев Т.Досымовқа арнаған "Жаңғырды тауда Табылды ән" арнауын көпшілікке тарту етті.

Шара соңынан кәсіпорын директоры Ж.Кетеева қатысушыларға мекеменің арнайы Алғыс хатымен бірге кешен суреті бейнеленген картиналарды табыс етті. Кеш соңында отшашумен бірге дәстүрге сай Табылдының "Биіктік" әні бүкіл жұртшылықтың орындауында Отпан тау аспанында жаңғырды.

Құрметпен, Жомарт 

Жәрияланған күні: 0 Жәрияланған уақыты: 12:20  Оқылған саны: 412




29 қыркүйек 2016

«Мен Қалнияз деген күреңің!»
icon

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде қазақтың жауынгер ақыны, Адайдың жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығына арналған «Мен Қалнияз деген күреңің!» атты әдеби-танымдық шара болып өтті. Шараға  Қалнияз атаның тікелей

Жәрияланған уақыты: 23:38  

4 маусым 2016

"Рәміздер күні"
icon

4 маусым мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті (жоспардан тыс шара). Атаулы мерекеге Адай ата кесенесіне зияраттап келген бір топ астаналық заң қызметкерлерімен бірге белгілі ақын, кешен идеясының авторы Сабыр Адай

Жәрияланған уақыты: 11:34  

2 маусым 2016

«Бала шақтан – болашаққа»
icon

Халықаралық  балаларды қорғау күніне арналған «Бала шақтан – болашаққа» атты шараға Шетпе селосының «Рахат» және «Ертөстік» балабақшалары ересектер тобының бүлдіршіндері қатысты.

Жәрияланған уақыты: 12:20  

21 мамыр 2016

«Өлке мақтаныштары»
icon

«Өлке мақтаныштары» атты дәстүрлі шара қуыршақ театры әртістерімен (Ержан Бегашев, Бану Түстікбекова, Айгүл Айтыманова т.б.) кездесу.Мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай дәстүрлі «Өлке мақтаныштары»  шара өткізілді. 

Жыңғылды

Жәрияланған уақыты: 23:48  

6 мамыр 2016

«Елім деп өткен есіл ер»
icon

Совет Одағының батыры,  жерлесіміз Мәди Бегеновтың 100 жылдығына арналған «Елім деп өткен есіл ер» атты мәдени-патриоттық шара өткізілді. Шараға батырдың туыстары мен Шетпе селосы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып

Жәрияланған уақыты: 17:39  

17 сәуір 2016

"Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығы"
icon

Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығына байланысты ақынның өмірі мен поэзиясына арналған Шетпе кенті мектептері оқушыларымен кездесу шара ұйымдастырып, лекция оқу Бұл кездесу шараға А.Меңдалиев, Б.Жұмалиев және Н.Жұбаев атындағы орта мектеп оқушылары

Жәрияланған уақыты: 23:35  

11 наурыз 2016

"Amal tolks" форумына қатысушылар - Отпанда
icon

11.03. Жоспардан тыс Ақтау қаласында өткен «Amal tоlks» атты форумға қатысушы блогерлер мен БАҚ өкілдерімен кешенде өткен кездесуге Ақтау қаласының жастары келді.

Жәрияланған уақыты: 16:11  

7 наурыз 2016

"Сайлау-2016" үгітпоезы Отпанға келді
icon

7 наурыз күні  «Сайлау-2016» науқанына байланысты облысқа келген үгіт поезының 40 мүшесі кешенге келіп, Адай ата кесенесіне зиярат жасап, Ақсарай мұражайын тамашалап, ризалық сезіммен рухтанып аттанды.  

Жәрияланған уақыты: 16:38  

5 наурыз 2016

"Аналар-ошақ бақыты"
icon

5 наурыз күні кешенде халықаралық әйелдер күніне арналған «Аналар – ошақ бақыты» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Шараға Шетпе селосының көп балалы, өнерлі аналары – Төлемісова Шархат, Сағындықова Атлас, Жұмабаева Нұрсұлу, Калымбетова Зияда

Жәрияланған уақыты: 17:53  

29 ақпан 2016

«Салбурын-2016»
icon

Тұщыбек ауылында өткізілген  бұл дәстүрлі «Салбурын» этношараға Е.Айшуақұлы атындағы мектеп пен Тұщыбек негізгі орта мектеп оқушылары және жергілікті құсбегілер М.Өтеғалиев, Ө.Советов, Е.Есжанов, Қ.Оразмұханбетов қатысты. Құсбегілер  қыран

Жәрияланған уақыты: 10:47  

24 ақпан 2016

«Әр қазақ менің жалғызым»
icon

«Әр қазақ менің жалғызым» атты «Ақжол» партиясы МОФ жастар қанатының 1 жылдығына байланысты жоспардан тыс патриоттық мәдени шара өткізілді.

Жәрияланған уақыты: 17:10  

24 желтоқсан 2015

"Қожахмет Демеубергенұлы мен суретші Бірғали Баекеевпен кездесу"
icon

24 желтоқсанда «Адай ата – Отпан тау»  кешенде Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері, ақын Қожахмет Демеубергенұлы мен суретші Бірғали Баекеев және Шетпе кентінің Алшын Меңдалиев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті.

Жәрияланған уақыты: 17:07  

15 желтоқсан 2015

«Тәуелсіздік – тұғырым»
icon

15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай Жыңғылды ауылының Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінің төменгі сынып оқушыларына «Тәуелсіздік – тұғырым» атты патриоттық - танымдық шара өткізілді. «Отпан тау – киелі тау» жылжымалы

Жәрияланған уақыты: 14:44  

18 қараша 2015

«Өмірі өнерімен өрнектелген»
icon

18 қараша күні «Өмірі өнерімен өрнектелген» атты жергілікті қолөнер шеберлерімен кездесу өтті. Шараға өлкемізге белгілі қолөнер шеберлері – зергер Оразов Сағидулла, теріден  бұйымдар жасау шебері Елбаев

Жәрияланған уақыты: 17:29  

29 қазан 2015

"С.Шапағатовтың 75 жылдығы"
icon

29 қазан – белгілі қоғам қайраткері С.Шапағатовтың 75 жылдығына арналған мәдени-патриоттық көпшілік шара өтті. Шара «Адай ата – Отпан тау» кешеніндегі «Қарашаңырақ» нысанында өткізілді. Шараға С.Н.Шапағатовтың әріптес-серіктері, «Парасат»

Жәрияланған уақыты: 17:07  

21 қазан 2015

«Қойнауы тарих, шежірелі мекен – Маңғыстау»
icon

21 қазан күні  «Қойнауы тарих, шежірелі мекен – Маңғыстау» атты өлкетанушы, тарихшылармен кездесу өтті. Шара «Ақсарай» мұражайында өткізілді. Шараға өлкемізге белгілі өлкетанушылар Отыншы Көшбайұлы мен Нұрлан Құлбаев және Шетпе кентінің

Жәрияланған уақыты: 11:09  

8 қазан 2015

Pеспубликалық жастар форумы
icon

8 қазан күні облыс орталығы Ақтау қаласында өткен республикалық жастар форумына  Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар «Адай ата – Отпан тау» кешеніне арнайы келіп, Адай ата кесенесіне зиярат етіп, «Қарашаңырақта» бас қосып, кешен туралы, жастар және

Жәрияланған уақыты: 16:10  

19 қыркүйек 2015

«Қазақ хандығының құрылуы және ондағы Маңғыстаудың алатын орны»
icon

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойлық жылына байланысты «Қазақ хандығының құрылуы және ондағы Маңғыстаудың алатын орны» атты тарихи танымдық шара ұйымдастырылды. Бұл шара «Ақсарайда» жөндеу жұмыстары жүргізіліп

Жәрияланған уақыты: 16:54  

1 маусым 2015

«Балалар – еліміздің ертеңі» атты дәстүрлі мерекесі
icon

«Адай ата – Отпан тау» кешенінде 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты «Балалар – еліміздің ертеңі» атты дәстүрлі мерекелік шара болып өтті. Шараға Жыңғылды ауылы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектептің 4-5 сынып

Жәрияланған уақыты: 15:56  

29 мамыр 2015

«Отан қорғау – азаматтық парызың»
icon

«Отан қорғау – азаматтық парызың» атты Отан алдындағы азаматтық борышын адал өтеуге үндеу, батыр бабаларының рухын қастерлеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға әскер қатарына шақырылған азамат пен әскери қызметкер және ата-аналар барлығы 46

Жәрияланған уақыты: 16:54  

25 мамыр 2015

Мектеп бітірушілер Отпанда
icon

Отпанға биылғы мектеп бітірушілер келді. Олардың ішінде Әбіш Кекілбаев сияқты данышпанды ұшырып шығарған Шахта орта мектебінің түлектері де бар. Солардың ішінде екі жыр кітабының авторы, жас ақын Еділбек Дүйсенов  көзге ерекше ілінеді. Олар мұражайды

Жәрияланған уақыты: 13:06  

18 сәуір 2015

«Халықтар достығы – бірлікте»
icon

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Халықтар достығы – бірлікте» атты мәдени-этнографиялық шара өтті. Шараға Маңғыстау облысындағы 6  этно-мәдени орталық өкілдері,  «Қоғамдық келісім» МКМ қызметкерлері, Ақтау қаласы №13

Жәрияланған уақыты: 15:18  

18 сәуір 2015

«Ағадан – алғыс, атадан – бата»
icon

«Ағадан – алғыс, атадан – бата» атты өлкемізге танымал аға буын ақындар мен жас ақындардың қатысуымен дәстүрлі әдеби-танымдық  шара ұйымдастырылды. Шараға  қала-аудандардан жиналған жас ақындар мен өлкемізге, елімізге 

Жәрияланған уақыты: 10:47  

2 сәуір 2015

«Менің Отаным – Қазақстан»
icon

2 сәуір күні  ҚР Білім және ғылым министрлігі «Республикалық қосымшы білім беру және әдістемелік орталығының Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» МКҚК «Адай Ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Менің Отаным

Жәрияланған уақыты: 15:44