Отпан тауда ақыл-ой сайысы өтті.
17 маусым күні “Адай ата-Отпан тау” тарихи-мәдени кешенінде “OTPAN-QUIZ” атты интелектуалды шара өтті. Шараға облыстағы мәдениет мекемелері арасынан 7 команда қатынасты. Ақыл-ой додасы 5 кезеңнен тұрды, әр кезең түрлі тақырыпта дайындалған сұрақтардан болды. Командалар арасындағы додада I -орынды Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің “Жәдігер” тобы, II - орынды Қ.Сыдиықұлы атындағы облыстық әмбебап кітапхананың “Сәтті сөз” тобы, III - орынды ұпай санымен С.Қондыбайұлы мемориалдық музейінің “Рух жауынгерлері” тобымен қатар келіп, ойынның шартты ережесі бойынша соңғы кезеңде ұпай санымен басым болған Маңғыстау облыстық тарихи-мәдени музей-қорығының “Қарақшылар”тобы иеленді. “Рух жауынгерлері” тобымен бірге Ақтау қалалық кітапханасының “Ойбай, білдік” тобы, Маңғыстау облыстық архивінің “Prime” тобы және “Отпан” кәсіпорнының “Отпан” топтары да ойында өз белсенділіктерін көрсете білді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдар мен алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушы әріптестерімізге құрметіміз бен алғысымыз шексіз. Ақыл-ойларыңыз шашасына шаң жұқтырмас Адай жылқысындай жүйрік, бағындырған белестеріңіз Отпан таудай биік болсын!
27 тамыз 2026
Отпан тауда белгілі композитор Марат Ордабаевтың 65 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
27 тамыз 2026
Отпан тауда белгілі композитор Марат Ордабаевтың 65 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
27 тамыз 2026
Отпан тауда белгілі композитор Марат Ордабаевтың 65 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
27 наурыз 2026
Қытайдың танымал блогері @taotaoaima Таотао Амал мерекесінде киелі Маңғыстаудың бәйгесіне қатысты
27 наурыз 2026
Сіздің қалаңызда Амал тойлана ма, әлде тек Наурыз ба?
27 наурыз 2026
Как за 2 дня показать весь Мангистау?
27 наурыз 2026
Отпан
27 наурыз 2026
Маңғыстаулықтар “Амал” мерекесін қалай тойлайды?
27 наурыз 2026
Маңғыстау халқы Амалды қалай тойлайды // Адай ата кесенесі // Отпантаудан мерекелік түсірілім
27 наурыз 2026
Маңғыстау халқы Амалды қалай тойлайды // Адай ата кесенесі // Отпантаудан мерекелік түсірілім
10 маусым 2025
«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ТОТЕМІ» конференциясы
10 маусым 2025
Кастамону университеті Отпан тауда.
Соңғы хабарлар
12 тамыз 2026
Маңғыстаудың Шәмшісі
17 шілде 2026
Отпан тауда ақыл-ой сайысы өтті.
16 шілде 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы





























