"Отпан QUIZ" ойын-шарасы ұйымдастырылды
11 ақпан күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешені қызметкерлері арасында тапқырлық пен біліктілікті шыңдауға арналған "Отпан QUIZ" ойын-шарасы ұйымдастырылды. Шараны кешеннің экскурсия жетекшілері Тайман Талант пен Асылгереев Нұртас ұйымдастырып, жүргізді. Шараға кешен қызметкерлерінен құралған "Көкбөрі", "Қаратау" және "Зерек" атты 3 топ қатысты. Жарыс Кіріспе, "Қисын" және "IQ батыр" аталған 3 кезеңнен, әр кезең 10 сұрақтан тұрады. Сұрақтар түрлі бағытта: тарихи, спорттық, логикалық, т.б. қатысты болды. Жарыс арасында демалыс кезінде әзіл мен күлкіге құрылған бейнероликтер жіберілді. Жарыс қорытындысы бойынша "Көкбөрі" тобы 1-орынды, " Қаратау" мен "Зерек" топтары 2, 3-орынды иеленді. Жүлдегер топтарға диплом, Алғыс хат пен заттай сыйлықтар тапсырылды. Жарыс кезінде тапқырлық пен белсенділік көрсеткені үшін Сағынова Балшырын ерекше марапатталды.
Соңғы хабарлар
12 тамыз 2026
Маңғыстаудың Шәмшісі
17 шілде 2026
Отпан тауда ақыл-ой сайысы өтті.
16 шілде 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
















__72714cf9bc028f6455159e1d88847342.jpg)



__0bd43ca4f272e0d564adcf7acc3d1ec1.jpeg)
__92a06c882e53a56735469a7526257dab.jpeg)







__c39f91bc39cbfadd53c136b90eb3d4cc.jpeg)
























