Маңғыстаудың Шәмшісі

12 тамызда "Адай ата -Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде “Отпан” МКҚК мен Жыңғылды мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, әнші-композитор Марат Ордабаевтың 65 жылдығына арналған “Биіктік” атты еске алу кеші өтті. Шараға облысымыздың гитарада орындаушы өнерпаздары қатысты. Шарада М.Ордабаевтың әндері орындалып, сазгердің әуендері композициялармен өрнектелді, естеліктер айтылды. Ән кешінде Марат ағаның апалары Бақыт пен Айсұлу да бауырларын еске алып, кешке жиналған көпшілікке Мараттың әнін әуелетті. Өнерде өшпес із қалдырған Марат Ордабаевтың жанұясы: жары Ұлзира мен ұлдары мен немерелері, туған-тумаластары, дос-жарандары қатысып кешті ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Кешен ұжымы кеш қонақтары мен өнерпаздарға естелік сыйлықтар табыс етті. Отпан биігінде өлкеміздің тума таланттары мен биік тұлғаларын ұлықтар салтанатты, мағыналы кештері толастамасын!.. 

Жәрияланған күні: 12 тамыз 2026Оқылған саны: 46




3 шілде 2026

Астан күні
icon