«Бала шақтан – болашаққа»
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Отпан» МКҚК Жыңғылды селосындағы «Ақ шағала» балабақшасының ұжымымен бірлесіп «Балашақтан – болашаққа» атты дәстүрлі мерекелік шараны Жыңғылды селосының мәдениет үйінде өткізді.
Шарада құттықтау сөз «Отпан» МКҚК бөлім меңгерушісі Қ. Ізімбергенова мен бала бақша меңгерушісі Майра Манарбекқызы және топ жетекшілері Раушан Сейтқалиева мен Роза Құлбарақова сөйлеп, балаларды мерекелерімен құттықтады.
Көрермендерге балабақшаның «Айналайын» және «Күншуақ» топтары дайындаған «Біз мектепке барамыз» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Концертті ата-аналар мен көрермендер тарапынан жылы қабылдап, ұйымдастырушыларға аналық алғыстарын айтты. Шара соңында «Отпан» кәсіпорны атынан өнерлі балаларға және балабақша ұжымына дайындалған сыйлықтар тапсырылды.
22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
12 тамыз 2026
Маңғыстаудың Шәмшісі
17 шілде 2026
Отпан тауда ақыл-ой сайысы өтті.
16 шілде 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы













__68d2cab33ccba3aa029549eaf9c59edb.jpeg)




















