Ерлерді сағынғанда
5 мамыр күні "Адай ата- Отпан тау" тарихи-мәдени кешенінде Е.Айшуақұлы атындағы мектеп оқушыларына Маңғыстаудың баһадұр батырлары Шабай Қонысұлына 255 жыл, Балуанияз Мүсірепұлына 205 жылдығына және жорық жыршысы Қалнияз Шопықұлына ерлік жырларына арналған "Ерлерді сағынғанда" атты шара /сабақ өткізілді. Сабақты кешеннің бөлім меңгерушісі Мұратбек Кәдірбаев жүргізді. Сабақта батырлардың ерлігі Қалнияз ақынның жырлары жүргізушінің орындауы арқылы баяндалып, оқушыларға сұрақ-жауап алмасу арқылы түсіндіріп отырылды. Шара соңынан оқушылар мерекеге орай дайындаған өнерлерін ортаға салды. Шараға Отпан ауылдық округының әкімі Б.Қалдығұлов келіп, қатысты. Маңғыстау ақын-жырауларының жырларын насихаттауға арналған осындай лекция-сабақтар алдағы уақытта жалғасын табатын болады
22 сәуір 2017
"Батыс Қазақстан облысына іссапар"
Соңғы хабарлар
12 тамыз 2026
Маңғыстаудың Шәмшісі
17 шілде 2026
Отпан тауда ақыл-ой сайысы өтті.
16 шілде 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы











__68d2cab33ccba3aa029549eaf9c59edb.jpeg)




















